Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалану, дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 641-бабына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 147-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес мемлекеттік статистика органдарының жұмыскерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорды жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.